Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1558301461

"Солтүстіқ Қазақстан облысы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Петропавл қаласы білім бөлімі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі  "Мұрат Айтхожин атындағы №1 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Петропавл қаласы білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мұрат Айтхожин атындағы № 1 орта мектеп» КММ-де 2023 жылғы қыркүйекте мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бұзушылықтарды жою туралы есеп.

    Төменде анықталған бұзушылықтар мен оларды жою шаралары келтірілген:

    1. МБС 4 т.тт.3 мектепке дейінгі  тәрбиелеу және  оқыту – жұмыс оқу жоспарына үлгілік оқу жоспарында қарастырылған күнделікті жүргізілуі тиіс балалар іс-әрекеті енгізілмеген.

    Мектепалды сыныптарына арналған жұмыс оқу жоспары үлгілік оқу жоспарына сәйкес келтірілген. Жұмыс оқу жоспарына күнделікті балалар іс-әрекеті енгізілген.

    2. МБС  4 т. 4 тт. мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытутәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасында күнделікті өткізуге арналған үлгілік оқу жоспарында қарастырылған балалар іс-әрекетінің орындалуы байқалмайды.

     Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары мен үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру қамтамасыз етілген. Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммалары сәйкесінше құрастырылған. Балалардың іс-әрекетін жүзеге асыру байқалады.


    3. 
    МБС 27т. бастауыш білім беру, МБС 39т. негізгі орта білім беру, МБС 29т. жалпы орта білім беру -  бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейінде үйде жеке тегін оқыту үшін жеке жұмыс оқу жоспарлары әзірленбеген;

     Үйде оқитын әр бала үшін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру  деңгейінде үйде   тегін  оқыту үшін   оқытудың жеке жұмыс оқу жоспары әзірленді.

    Құжаттарға сілтеме:

      -  жұмыс оқу жоспарының жалпы орта білім беру деңгейіндегі үлгілік оқу жоспарына сәйкес келмеуі анықталды: жұмыс жоспарында вариативтік компоненттің 1 сағаты («Жаһандық құзыреттіліктер») қарастырылған, ал үлгілік оқу жоспарында вариативтік компонентке 2 сағат («Жаһандық құзыреттіліктер» 1 сағат және элективті курстарға 1 сағат) бөлінеді; жалпы орта білім беру деңгейінде жұмыс оқу жоспары 35 сағатты, үлгілік оқу жоспары -  36 сағатты құрайды.

     Жалпы орта білім берудің жұмыс оқу жоспары үлгілік оқу жоспарына сәйкес келтірілген. Оқу жұмыс жоспарында «Жаһандық құзыреттіліктер» 1 сағаттық вариативті компонент және элективті курстарға 1 сағаттық вариативті компонент қарастырылған. Барлығы вариативті оқу жүктемесі 2 сағатты құрайды. Жұмыс оқу жоспарындағы ең жоғары апталық оқу жүктемесі - 36 сағат.

     

    4. МБС 31, 32т.т. жалпы орта білім - 2022-2023 оқу жылының 10 және 11 сыныптары үшін жұмыс оқу жоспарында оқу жүктемесінің жалпы көлемі 2520 сағатты құрайды, ал үлгілік жоспарда  2592 сағат белгіленген.

     

    2023 – 2024 оқу жылының 10 – 11 сыныптарының жұмыс оқу жоспарында оқу жүктемесінің жалпы көлемі үлгілік  оқу  жоспарында қарастырылған -  2448 сағат көлеміне сәйкес  келеді.

    5. МБС 59т. негізгі орта білім беру, МБС 53т. жалпы орта білім беру

            - 2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізудің үлгілік қағидаларының 26-тармағына сәйкессіздік орын алады, оған сәйкес білім алушыларды жиынтық бағалау нәтижелері балл түрінде Үлгілік қағидаларға

    1 қосымшаға сәйкес: мұғалімдер баллдарды аудару шкаласы бойынша тоқсандық және жылдық бағалар талаптарын сақтамай тоқсанға баға қояды;

    - 2022-2023 оқу жылының 1 тоқсанында биология бойынша 9-сыныпта БЖБ үшін ең жоғары балл - 25, бұл бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізудің үлгілік қағидаларының 9-т. бұзу болып табылады, оған сәйкес БЖБ үшін ең жоғары балл 5-11(12) сыныптарда кемінде 7 және 20 балдан аспайды;

    -  2022-2023 оқу жылында  9А сынып оқушысы В. Абдрафиковқа биология пәні бойынша тоқсандық бағалар «4», «4», «5», «5» және емтихан бағасы «4» болған жағдайда «5» қорытынды бағасы қойылды; бұл факт Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізудің үлгілік қағидаларының 78-тармағын бұзу болып табылады, оған сәйкес 9 (10) және 11 (12) сыныптарда пән бойынша қорытынды бағалар шығарылған кезде қорытынды баға емтихан нәтижелері (бес балдық шкала бойынша) және оқу жылындағы тоқсандық бағалар (бес балдық шкала бойынша) негізінде 30/ 70  пайыздық арақатынаста қойылады, қорытынды бағаны дөңгелектеу бүтінге жақын жүргізіледі.

    2023-2024 оқу жылында білім алушылардың білімін бағалау Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің  2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізудің үлгілік қағидаларының талаптарына сәйкес жүргізілді. Білім алушыларды балл түрінде жиынтық бағалау нәтижелері Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес балдарды ауыстыру шкаласы бойынша тоқсандық және жылдық бағалауға ауыстырылады. БЖБ үшін ең жоғары балл 5-11(12)сыныптарда кемінде 7 және 20 балдан аспайды. 9 (10) және 11 (12) сыныптарда пән бойынша қорытынды бағалар шығарылған кезде қорытынды баға емтихан нәтижелері (бес балдық шкала бойынша) және оқу жылындағы тоқсандық бағалар (бес балдық шкала бойынша) негізінде 30/70 пайыздық арақатынаста қойылады, қорытынды бағаны дөңгелектеу бүтінге жақын жүргізіледі.

     

    Протоколы экзаменов за курс обучения на уровне основного среднего, общего среднего образования ( в 9 классах )

    Протоколы экзаменов за курс обучения на уровне основного среднего, общего среднего образования ( в 11 классах )

     6. МБС 45т. бастауыш білім, МБС 61т. негізгі орта білім

    - ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін бейімделген оқу бағдарламалары ұсынылмаған.

    Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін бейімделген оқу бағдарламалары әзірленді.

      

    Тізім бос

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Пайдалы сілтемелер