Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1558301461

"Солтүстіқ Қазақстан облысы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Петропавл қаласы білім бөлімі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі  "Мұрат Айтхожин атындағы №1 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Жаңалықтар

    Askhat Aimagambetov

    Қымбатты балалар! Құрметті ата-аналар! Əріптестер! Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын! Оқу жылының басын əрқашан жаңа үміттермен, бастамалармен, шығармашылық ізденістер жəне жаңашылдықтарға ұмтылумен байланыстырамыз!

    Қымбатты балалар! Құрметті ата-аналар! Əріптестер! Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын! Оқу жылының басын əрқашан жаңа үміттермен, бастамалармен, шығармашылық ізденістер жəне жаңашылдықтарға ұмтылумен байланыстырамыз! Мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған еліміздің ең жас азаматтарына білімге ғажайып жол ашылады. Биыл 400 мыңнан астам бірінші сынып оқушысы алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды. Ал, болашақ түлектер үшін жаңа оқу жылы – мамандық жəне өмір жолын таңдау жылы. Жаңа 2019-2020 оқу жылында республикада 7 мыңнан астам мемлекеттік мектептерінде 3 млн. –нан астам оқушы өз оқуларын жалғастырады. Біз əлемнің барлық жетекші елдерінің қол жеткізген жетістіктерінің іргетасы - білім есебінен салынған экономика екенін көріп отырмыз. Білім - ілгерілеу жəне барлық инновацияның қозғаушы күші. Адами капитал мен елдің бəсекеге қабілеттілігін дамытудағы білім саласының маңызды рөлін белгілей отырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім беру жүйесіне ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да, біз білім берудің жоғары сапасына қол жеткізу жолында алдымызға мақсат, міндеттерді қойып, оларды бірлесе шешеміз. Белгіленген межеге қол жеткізу жолындағы əрбір қадам маңызды жəне құнды болатындығы сөзсіз. Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың бастамасымен жасалған "Педагог мəртебесі туралы" Заңы педагог мамандығының беделін арттыруға жаңа серпін береді. Ендігі кезекте ұстаздардың мəртебесін жоғарылатуға бағытталған жаңа Заң Үкіметте мақұлданып, Қазақстан Республикасының Парламентіне халық қалауыларының қарауына жіберілді. Əрбір адамның тағдырында ақылды, мейірімді жəне білім саласына жан-тəнімен берілген мұғалім маңызды рөл атқарады. Əрқайсымыз бізге үлгі болған мұғалімді есімізде сақтап, оны мақтан тұтамыз. Құрметті достар! Құрметті əріптестер! Жаңа оқу жылы жемісті жұмыстар мен жаңа жеңістерге толы болсын! Шығармашылық табыс, мықты денсаулық, кəсіби шеберлік жəне жұмыстарыңызға сəттілік тілеймін!
    04.09.2019
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Пайдалы сілтемелер